2020 жылдың өзекті оқиғалары
Жаңа 2021 жылдың келуіне аз-ақ уақыт қалды, сондықтан оның қорытындыларын шығарудың реті келді... Шындығында, біз 2020 жылы Компанияның басымдық өнімі Bitbon Жүйесін ілгерілету жөнінде бірқатар шаралар өткізуді жоспарлаған едік. Алайда SARS-CoV-2 коронавирусынан туындаған пандемия жағдайында Украина басшылығы және басқа да елдер қабылдаған карантин шараларының салдарынан бізге көптеген жобалардың жүзеге асырылуын, мысалы, халықаралық көлік инфрақұрылымындағы өзгерістерге байланысты, шегеруге немесе тіпті тоқтатуға тура келді. Бірақ тіпті осындай стандарттық емес жағдайда да Simcord компаниясы өзінің бүкіл өндірістік циклын сақтау үшін қажетті үйлестіру әрекеттерін іске асырды.
Мәселен, өнімдер мен Компания мамандары әзірлеген сервистерді халықаралық деңгейде жүйелі ілгерілетудегі қабылданған стратегияға сәйкес 2020 жылдың 16 ақпанында Қазақстанда, Алматы қаласында, Bitbon Жүйесінің белсенді серіктестері мен Пайдаланушылары үшін ақпараттық брифинг өткізілді, оны Simcord компаниясының Бас директоры Александр Кудь жүргізді. Аталмыш шарада Bitbon Жүйесі және оның сервистерін пайдаланудың артықшылықтары туралы, цифрлық активтерді қолдану саласындағы құқықтық реттеу үрдістері туралы, Компания дамуының бұдан былайғы жоспарлары туралы өте қызықты да көкейтесті мәселелер көтерілді...
Біз жыл бойы осы туралы және көптеген басқа дүниелер туралы өз қауымдастығымызды барлық мүмкін тәсілдермен хабардар етіп отырдық, веб-форматта семинарлар, конференциялар өткіздік.
Өзекті оқиғалардың бірі Bitbon Жүйесіндегі пәтуаны қамтамасыз ету майнингін іске қосу болды. Simcord компаниясының мйнингтің осынау түрі үшін әзірлеген көзқарасы басқа да жүйелерде бар бірқатар елеулі шектеулерді шешуге мүкіндік берді. Мысалы, Bitbon Жүйесіндегі пәтуаны қамтамасыз етудің жаңа алгоритмін іске қосу транзакцияларды өңдеу жылдамдығын секундына 5000-ға дейін өсіреді, ал бұл Bitcoin-нің бірінші криптовалютасы желісінің мүмкіндіктерін 380 еседен аса және түпкі Ethereum-ді 290 еседен аса арттырады. Бұл жерде мұндай амал қауіпсіздікті сақтау және блокчейнді орталықсыздандыру арқылы синхронды хаттамаларды пайдалану есебінен блокчейн желілерінің өнімділігін өсіруге мүмкіндік береді.
Компания Бөлінген тізілім технологияларын қолдану саласындағы экономикалық-құқықтық шешімдердің ғылыми-зерттеу орталығымен (блокчейн-шешімдердің ҒЗО) ынтымақтастықты жалғастырды, мұның нәтижесі «Токенделген активтер мен криптоактивтер туралы» №4328 Украина Заңының жобасын тіркеу болды. Авторлық ұжымға блокчейн-шешімдердің ҒЗО-сынан басқа сондай-ақ ғылыми қауымдастық өкілдері, Украинаның халық депутаттары және Simcord компаниясының мамандары кірді.
«Виртуалды активтер феномены: экономикалық-құқықтық аспект» атты мақала жарық көрді (авторы А.А.Кудь), оның нәтижесі бөлінген тізілімнің виртуалды активтерін мемлекеттік реттеудің және ақпараттық технологиялар мен тұғырнамалар саласындағы бірқатар зерттеулердің іргетасы бола алады.
Сондай-ақ түрлі ұйымдармен және компаниялармен, солардың ішінде «Грант» Шығыс Украиналық банкі» АҚ ерекше атаған ләзім, ұзақ мерзімді ресми ынтымақтастық орнатудың негізі қаланды. Іскери өзара әрекеттестіктің бастапқы кезеңінің қорытындысы ұзақ мерзімді серіктестік қатынастар, банк саласындағы блокчейн технологиясын қолдану жөніндегі іс-қимылдарды біріктіру және үйлестіру туралы Меморандумға қол қою болды. Арнайы құрылған жұмыс тобының бірінші кезектегі мақсаттарының бірі – қаржы мекемесі клиентінің ақшалай қаражатын цифрлық активтер арқылы басқару құқығының құқықтық үлгісін әзірлеу болып табылады.
Бұл жерде мұндай үлгі банк лицензиясының барлық талаптарына, сондай-ақ осы саладағы күшіндегі заңнама нормаларына сәйкес келетін болады.
Басты оқиғалардың бірі Bitbon Жүйесі негізіндегі орталықсыздандырылған қаржыларды пайдалану жөнінде Еуропа мен ТМД елдері қаржы мекемелерінің өкілдерімен жүргізілген бірқатар келіссөздер болып табылады.
Жалпы, 2020 жылы Bitbon Жүйесінің экономикалық-құқықтық табиғатын жетілдірудің негізіне жатуы тиіс жаңашыл зерттеу атқарымдарына қол жеткізілді және олар құпталды, сондай-ақ Bitbon Жүйесін одан әрі технологиялық орталықсыздандыру үшін оның компоненттік базасын оңтайландыру тұрғысында елеулі жұмыс жасалды.
Компанияның 2021 жылға арналған жоспарлары
Bitbon Жүйесінің қауымдастығы Жүйеден көпфункционалдықты және экономиканың шынайы секторының тетіктерін пайдалана отырып, анағұрлым серпінді дамуды күтеді. Келесі жылға жоспарланғанның бәрін жүзеге асыру үшін Simcord компаниясы өз қызметінің негізгі бағыттарының басым міндеттерін айқындады. Олардың мәні мен орындау реті төменде келтірілген.
1. «Виртуалды активтердің жіктелуі» атты мақала, оның мақсаты – бөлінген тізілімнің виртуалды активтерінің табиғатын түсінудегі белгісіздік пен бір мағыналық еместік мәселелерін шешу болып табылады (бұл жердегі мақсат – субъектілердің оларды дұрыс пайдалануы және соларды қолдануға байланысты өзара қатынастарды реттеу).
Бүгінде виртуалды активтердің нақты критерийлерінің болмауы ғылыми және құқықтық сипаттағы өте үлкен проблема болуда, ал бұл құқықтық режімдердің айқын нормаларын белгілеуге мүмкіндік бермейді. Аталмыш мақалада виртуалды активтердің қасиеттерін нақтылау үшін таңдалған көзқарас негізделетін болады, сондай-ақ олардың жіктелуі ұсынылады. Яғни «Виртуалды активтердің жіктелуі» атты мақала бүкіл әлемде осы күнге дейін жауабы жоқ сұрақтарды шешеді.
2. Bitbon Жүйесі дамуының бірқатар техникалық және заңдық аспектілерін нақтылауға байланысты Bitbon Жүйесінің, Bitbon Жүйесі Жария келісімшартының, Bitbon Жүйесінің терминологиялық аппаратына, сондай-ақ сараптамалық және ғылыми-құқықтық қорытындыларға тиісті анықтаулар мен қосымшалар енгізілетін болады. Мәселен, «Бөлінген тізілім технологияларын қолдану саласындағы экономикалық-құқықтық шешімдердің ғылыми-зерттеу орталығының» мамандары «Құқықтық реттеу объектісі ретіндегі бөлінген тізілімнің виртуалдық активтері» атты ғылыми-құқықтық қорытынды дайындайтын болады. Бұл құжат үш негізгі бөлімнен тұрады: «Бөлінген тізілімнің виртуалды активтерінің табиғаты», «Қаржылық және басқару есебінің объектісі ретіндегі бөлінген тізілімнің виртуалды активтері» және «Bitbon Жүйесінің құқықтық табиғаты».
Сонымен қатар, бөлінген тізілімнің виртуалды активтерін диагностикалау әдістемесі бойынша виртуалдық активтердің белгіленген критерийлері мен жіктемелеріне сәйкес Bitbon-ның азаматтық айналымның цифрлық активіне сәйкестігі зерттелетін болады, бұл оның халықаралық құқық өрісіндегі экономикалық-құқықтық аспектісін қосымша бекітеді.
3. Құқық, экономика және бизнес тұрғысынан Bitbon Жүйесі дамуының барлық аспектілерін ескере отырып, «Цифрлық активтердің көмегі арқылы қаржылық және басқару есебі тәсілін жүзеге асыру ретіндегі Bitbon Жүйесі» атты кітап шығару.
Бұл кітапты оқыған адамның санасында орталықсыздандырылған ақпараттық тұғырнамалардың, солардың базасындағы қауымдастықтардың дамуындағы және экономиканың мемлекеттік секторындағы Bitbon Жүйесінің алатын орны туралы айқын түсінік пайда болады.
Кітапта Bitbon Жүйесінің барлық функционалдық сипаттамалары туралы егжей-тегжейлі айтылатын болады, ол пайдаланушылар үшін шын мәніндегі нұсқаулық түрінде болмақ.
4. IT-жобаларының хостингі үшін веб-сервис болып табылатын аса ірі және танымал GitHub алаңында Simcord ноды компаниясы өзгерткен Ethereum блокчейнінің (мұның базасында Bitbon Жүйесі өрістейді) бастапқы коды жария етіледі. 2021 жылы блокчейннің қосымша компоненттері жарияланатын тағы бір жаңалық жоспарлануда (Bitbon Жүйесі осынау компоненттер іске қосылғанда жұмыс істейді), бұл Жүйені бөгде пайдаланушылар аудит үдерістері мақсатында ашық әзірлеу саласының алаңдарына енгізуге мүмкіндік береді.
5. Википедияда Simcord компаниясы туралы мақала орналастыру, онда Компания қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ оның базалық әзірлемелері – өнімдер мен сервистер – көрсетіледі.
6. Bitbon Жүйесі мен цифрлых активтер жұмысының тетіктерін сипаттау жөніндегі авторлық мақалалар конкурсын іске қосу. Конкурс жалпы қабылданған ұғым ретіндегі «цифрлық активтер» ұғымын жария ету мақсатында, оларды Bitbon Жүйесінде пайдалану мысалдарын келтіре отырып, өткізілетін болады. Авторларға мақала жарияланғанда оның түріне қарай қаламақы төленетін болады:
- Bitbon Space сайты контентінің рерайт-мақаласы
- Ақпараттық шолу-мақала
- Bitbon Жүйесінің және цифрлық активтердің, мысалдармен қоса оның тетіктерінің және компоненттерінің мәнін ашатын талдау-мақала
- Ғылыми мақала
7. 2021 жылдың соңына таман Bitbon Жүйесінде оның Қатысушыларына өздерінің цифрлық активтерін құруға мүмкіндік беретін модульға байланысты ірі жаңарту жүзеге асырылатын болады. Осынау мүмкіндік әртүрлі қаржылық мекемелерден валюталық Хаттамаларды іске қосудың қарсаңында қолжетімді болады, бұл шын мәнінде Bitbon Жүйесі мен экономиканың шынайы секторын біріктіруді, сондай-ақ нарықтық инфрақұрылымды дамытудағы цифрлық активтерді қолдану тетіктерін пайдалануды білдіреді.
8. Украина Білім және ғылым министрлігінің бюллетенінде «Ұлттық экономиканы дамытудағы виртуалдық активтер» халықаралық ғылыми-практикалық конференция тіркелді, оның ұйымдастырушысы – блокчейн-шешімдердің ҒЗО-сы болып отыр. Көптеген елдердің басқа да қатысушыларының әртүрлі тілдегі баяндамаларымен қатар Simcord компаниясының мамандары да өз баяндамаларын ұсынатын болады.
9. One Space ұтқыр нұсқасын жаңарту және веб-нұсқаны іске қосу жоспарланған, бұл Bitbon Жүйесінің қатысушыларына аталмыш ақпараттық алаң құралдарының көмегі арқылы Bitbon Жүйесінің әртүрлі сервистерін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Сонымен, кетіп бара жатқан 2020 жылдың қорытындыларын шығара отырып, біз мына басты мәселені айтқымыз келеді: міне, 20 жылға таяп қалды – Simcord компаниясы әр қадам сайын, әр кезең сайын даму стратегиясына сәйкес өз миссиясын іске асыруда. Және біз Bitbon Жүйесі сервистерінің Клиенттері мен Компания Серіктестері жыл сайын көбейіп келе жатқанын білеміз, ал бұл бұрынғыдан да көп адамдар өз өмірін жақсартқысы келеді деген сөз!
Simcord командасы өз Клиенттері мен Серіктестерінің қолдауын сезінеді, соның арқасында біз әрі қарай жылжи және барлық жоспарларымызды жүзеге асыра аламыз. Өз тарапымыздан біз ойластырған дүниелерімізді іске асыру үшін бүкіл күш-жігерімізді саламыз.
Ал келер 2021 жылы барлық Bitbon Жүйесінің қауымдастығына бұдан да күшті серпінді даму мен жаңа табыстар тілейміз!