Simcord Компаниясының мамандарымен әзірленген жаңа Liquidity Management System (LMS) сервисті пайдалану өтімділік провайдерлері (Liquidity provider, LP) мен iPro Server сауда серверін қолданатын брокерлер арасындағы сауда операциялардың орындалуын қамтамасыз етеді. Өтімділікті агрегациялау және баға белгілеу ағындарын басқару технологиясы ең жақсы бағалардың жеткізілуін және ордерлердің жылдам орындалуын қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызмет құрамына кіретін конфигурацияны және сервистік рәсімдерді орындауды теңшеу, провайдерлердің шоттарының күйін мониторингтеу және толтыру басқарудың web-панелі арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар сервис:
- провайдерді пайдаланатындардан таңдауды немесе жаңа провайдерді қосуды;
- брокердің жұмыс режимін басқа брокерлер үшін өтімділік провайдері ретінде таңдауды;
- ордерлерді өңдуеу үшін провайдерлерді құрамдастыру тәсілдерін таңдауды: ең жақсы баға бойынша, ең жақсы көлем бойынша, ең жоғары жылдамдықпен, орындауды қабылдамаған кезде қайталап өңдеуді;
- жұмыс істеу процесінде провайдерлерді ордерлерді өңдеу сапасын сақтаумен қосу/ажыратуды;
- бағалық ағынды және ордерлерді орындау сұлбаларын қалыптастыруды;
- провайдерді, оны ажырату немесе тұрақсыз жұмыс жағдайында қорда сақтап қалу сұлбасын пайдалануды;
- LP-аккаунттардың қаржылық менеджменті үшін, сонымен қатар жүйенің компоненттерінің күйін мониторингтеу үшін есептердің әртүрлі түрлерін құрастыруды қамтиды.
Liquidity Management System пайдалану нақты тапсырмалар үшін оңтайландырудың жоғары деңгейі бар қажетті конфигурациялы нарықты құру үшін кең мүмкіндіктер ашады.