Simcord компаниясы стратегиялық серіктестікті ұсынады
Ашық басқару
Басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы ашықтық пен айқындықты басшылыққа ала отырып Компания блокчейн-технологиялар негізінде инновациялық бизнес-орталарды құру және дамыту үшін экономика, қаржы, құқық салаларындағы әр түрлі бағыттардағы мамандар мен сарапшыларды нәтижелі серіктестікке шақырады.
Тәуелсіз директор ретінде серіктестікке шақырамыз: ірі АТ компаниялары мен корпорациялардың басқарушылары, биржалық сауда мамандары, қаржы және заң саласындағы сарапшылар, қоғамдық қайраткерлер.
Simcord компаниясының қалыптамалық басқару құрылымы туралы ереже
құжатындағы «Simcord компаниясының құрылымы» бетінде таныса аласыз.
Ғылыми-құқықтық сала
Бөлінген тізілім технологиясы (блокчейн) экономикалық-құқықтық қатынастардың жаңа үлгілерін әзірлеу үшін бірегей мүмкіндік берді. Компания жаңа әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарды құру барысында оларды пайдалану туралы ақпарат пен тәсілдерге негізделген сандық экономиканы дамытуға арналған ғылыми-құқықтық қорды қалыптастырады.
Кеңесші ретінде серіктестікке шақырамыз: әрі қарай әлемдік үдерістермен біріктіру арқылы жаңа экономикалық үлгілердің атқарымының ұғымдары мен қағидаларын қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыс үшін заңгерлер, ғалымдар мен зерттеушілерді.
Bitbon Жүйесін дамыту
Bitbon Жүйесі көпшілік бөлінген тізілім технологиялары (блокчейн) негізін қалайтын жаңа экономикалық-құқықтық қатынастар негізінде жаһандық сандық экожүйені құрудың кешендік механизмі болып табылады.
Bitbon Жүйесінің Операторы ретінде серіктестікке шақырамыз: бизнес-қауымдастықтардың өкілдерін, қаржы институттарын, мемлекеттерді және қоғамдық ұйымдарды. Келешектің жаңа әлеуметтік бағыттағы желісін құруға қосылыңыз.
туралы ақпарат қалдыра аласыз және біз Сізбен міндетті түрде хабарласамыз.